Тауық еті қосылған пішінді кеспе

Пісіру: 1,5 сағат

Құрамы

Тауық еті
350гр
Саңырауқұлақтар
250гр
Тәтті бұрыш
1 дана
Көк пияз
6 талшық
Өсімдік майы
2 ас қасық
Сарымсақ,бұрыш,тұз,көкшөп
дәміңізге қарай
«Кэмми» ұсынған жұмыртқа қосылған пішінді кеспе «Ромбик»
250гр

Пісіру нұсқаулары

Отқа су құйылған кастрөл қойыңыз. Су қайнағанша, тауықтың етін, саңырауқұлақ, тәтті бұрыш пен көк пиязды төртбұрышты етіп тураңыз.
Қайнап жатқан суға кеспе салып, дайын болғанша пісіріңіз.
Қатты отқа қойылған терең табаға өсімдік майын құйып, тауық етін қуырыңыз. Тәтті бұрыш, саңырауқұлақ, көк пияз бен сарымсақ салып, тағы 2 ас қасық өсімдік майын құйыңыз.
Көкөністер жұмсарғанша қуырыңыз.
Табаға піскен кеспе салып, тұз, бұрыш, көкшөп қосып, араластырыңыз. Тағамды ыстықтай ұсыныңыз.
Кеспені қой, сиыр, күркетауық етімен дайындауға болады.
loading...