Манпар

Пісіру: 2 сағат

Құрамы

«Кэмми» ұсынған «Манпарға» арналған кеспе
250гр.
Өсімдік майы
50гр.
Ет
500гр.
Картөп
2 дана
Шомыр
1 орташа дана
Пияз
1 дана
Сарымсақ
3-4 бөлік
Жұмыртқа
2 дана
Су немесе сүт
1/4 стақан.
Өсімдік майы
1ш.қ.
Ұн
1ш.қ.
Тұз
қалауыңызша

Пісіру нұсқаулары

Манпарға жұмыртқа құймақтарын жасау керек. Терең ыдысқа екі жұмыртқа жарып, сүт қосыңыз. Тұз салып, араластырыңыз. Ұн мен өсімдік майын қосып тағы араластырыңыз. Құймақ пісіріп алыңыз. Құймақты орап, кеспе түрінде тураңыз.
Өсімдік майына пияз қуырып, ұсақтап туралған ет қосыңыз. Ет шырыны бөліне бастаған кезде қызанақ немесе томат езбесін, ұсақталған сарымсақ салып10-15 минут бұқтырыңыз. Кейін қазанға төртбұрышты етіп туралған шомыр мен картоп салыңыз, аздап су құйыңыз, тұз, сіркесу, бұрыш, зире қосып, дайын болғанша бұқтырыңыз (шомыр жұмсақ болғанша).
Піскен манпар кеспесін тәрелкелерге салыңыз. Үстінен бұқтырылған ет пен көкөністер тұздығын құйыңыз. Тұздықтан кейін жұмыртқа құймақтарын салып, кинза себіңіз.
loading...